Accessibility links

Жемқорлық жолдарын жоятын заң жобасы мақұлданды


Қазақстан үкіметінің бүгінгі мәжілісінде “Мемлекеттік сатып алу туралы” заңға түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы” заңның жобасы мақұлданды.
Премьер-министр Кәрім Мәсімов хабарлағандай, президенттің нұсқауымен түзетулер енгізілген заңның жобасы алдағы аптада парламентке ұсынылады.
Қаржы министрі Болат Жәмішевтің сөзіне қарағанда, жобаның басты мақсаты жемқорлыққа жол беретін шарттарды жою және мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесін енгізу.
Жоба, сонымен қатар, отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің бәсекелестік қабiлетін арттыруды көздейді.
XS
SM
MD
LG