Accessibility links

Азаттық радиосы бұрынғы тілшісінің сотталуына қарсы


Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джеффри Гедмин Өзбекстанда радионың бұрынғы тілшісінің сотталуына наразылығын білдірді.
Гедмин өзінің мәлімдемесінде бұрынғы радиожурналист Салиджон Әбдурахмоновқа тағылған айыпты “жалған”, ал соттың үкімін – “барып тұрған заңсыздық” деп сипаттады. Оның пікірінше, ресми Ташкенттің елдегі сөз бостандығын түп-тамырымен жоюды көздеп отырғанын сот анық байқатты.
Салиджон есірткі сатты деген айыппен 10 жыл түрмеге кесілді.
Адам құқын қорғайтын халықаралық ұйымдар Әбдурахмоновқа қарсы қылмыстық іс оның кәсіби қызметі үшін қозғалды деп есептейді.
XS
SM
MD
LG