Accessibility links

Ресей Грузиядағы міндеттемелерін жартылай орындады


Ресей Грузиямен қарулы қақтығысты доғару туралы келісім бойынша өз міндеттемелерін тек жартылай ғана орындады. Францияның сыртқы істер министрі Бернар Кушнер осылай деп мәлімдеді.
Грузияны аралап шыққан соң Кушнер Ресей күштерінің Абхазия мен Оңтүстік Осетияның төңірегіндегі қауіпсіздік аумақтарынан шегінгенін растады, бірақ міндеттемеге сәйкес, қақтығыс басталғанға дейінгі шебіне қайтып оралмағанын мәлімдеді.
Қақтығысқа дейін Грузияға қараған Ахалгор ауданы мен Кодор тау шатқалының дауы әлі шешілген жоқ.
XS
SM
MD
LG