Әлем елдерінің басшылары қаржы жүйесіндегі тұрақтылықты қайта қалпына келтіру үшін арнайы шараларды қолға аламыз деген соң бүгін көптеген Азия қор биржаларындағы көрсеткіштер өсті. Австралия, Оңтүстік Корея, Гонконг және Сингапурдағы индекстер жоғарылады бірақ Қытай мен Тайванда олар төмендеді. Ал Жапония нарығы мерекеге байланысты бүгін жабық болды. Сонымен қатар мұнай бағасы да өсті. Азиядағы саудада бір баррель мұнай 80 доллардан көбейді. Жексенбі күні Еуропа Одағының жетекшілері Париждегі төтенше кездесуінде банк жүйесіндегі дағдарыстың алдын алу мақсатында несиелерге кепілдік беру жөніндегі жаңа жоспар жасаймыз деп келісті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?