Accessibility links

ЕуроОдақ Ресей мен Беларусь мәселесін талқыламақ


Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері бүгін Люксембургтe кездесіп, ЕуроОдақтың Ресей және Беларусь елдерімен қарым-қатынасының болашағын талқылайтын болады. Атап айтқанда, министрлер Грузияның буфферлік аймақтарынан әскерлерін шығарған Мәскеумен жаңа әріптестік келісіміне қатысты келіссөздерді Еуропа Одағы қайта бастауы керек пе, жоқ па деген мәселені қарайтын болады. ЕуроОдақ ресмилері сондай-ақ Беларусь сыртқы істер министрі Сергей Мартыновпен кездеседі деп күтілуде. Бүгінгі жиында Беларусь басшыларына енгізілген санкцияларды жеңілдету мәселесі талқыланбақ.
XS
SM
MD
LG