Accessibility links

Британия үкіметі 3 банктің акцияларын сатып алмақ


Британия үкіметі тығырыққа тірелген үш банкке шамамен 64 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Осы қадамы арқылы үкімет Royal Bank of Scotland пен HBOS және Lloyds TSB банктерінің ең ірі акционеріне айналуы мүмкін. Британияда дағдарысқа ұшыраған тағы бір банк Barclays өзінің қаржылық қорын үкіметке сүйенбестен-ақ 6.5 миллиард фунтқа өсіретіндігін хабарлады. Өткен аптада Британия үкіметі банк жүйесіндегі жағдайды қайта қалпына келтіру мақсатында 500 миллиард фунт көлеміндегі құтқару жоспарын жариялаған болатын.

AzattyqTV

Қырғыз суретшісі

Лаймен салынған портрет

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG