Accessibility links

Үкіметтер банктерді құтқаруда, ал қор биржалары өсуде


Бүгін Еуропа қор биржаларындағы көрсеткіштер көтерілді, сондай-ақ көптеген Азия құнды қағаздары да жоғарылады. Оның алдында әлем елдерінің үкіметтері тығырыққа тірелген банк саласындағы сенімді арттыру үшін шара қолданатындарын хабарлаған болатын. Еуро аймағындағы 15 елдің басшылары жексенбі күні ірі қаржы мекемесінің ешқайсысына сәтсіздікке ұшырауға жол берілмейді деп уәде етті. Сонымен қатар, бүгін Британияның 3 ірі банкі өздерінің қаржы қорларын өсіру үшін үкіметтен шамамен 63 миллиард доллар көлеміндегі ақша алатындарын жариялады.
XS
SM
MD
LG