Accessibility links

Бұрынғы Иран басшысы дінге қатысты жиын өткізуде


Бұрынғы Иран президенті Мохаммад Хатами бүгін Теһранда Ислам дінін экстремистік исламизм идеологиясынан ажыратуға бағытталған халықаралық конференция ұйымдастырып отыр.
Бұл жиынға бұрынғы БҰҰ басшысы Кофи Аннан мен бұрынғы президенттер және Еуропа үкіметтерінің басшылары қатысуда. Сарапшылардың айтуынша, реформашыл Хатами Иранда келесі маусым айында өтетін президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Махмұд Ахмадинежадтың қарсыласы болуы мүмкін. Хатамидің өзі президент сайлауына түсетіндігі жөнінде ешнәрсе айтпады.
XS
SM
MD
LG