Accessibility links

Қазақстанға әлемдік ұйымдардың басшылары келеді


Бүгін Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Маргарет Чен мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының атқарушы директоры Анн Венеман келеді. Сапар барысындағы кездесулер кезінде аталған ұйымдардың өзекті мәселелері мен алдағы жоспарлары талқыланбақ. Сондай-ақ Маргарет Чен мен Анн Венеман ертең Алматыда басталатын Алматы Декларациясының 30 жылдығына арналған халықаралық мерейтойлық конференцияға қатысады.

XS
SM
MD
LG