Түркмен Хабарлары агенттігінің айтуына қарағанда оңтүстік Иолотан-Осман газ кеніші - әлем бойынша ең ірі бес кеніштің бірі. Мұны британиялық тәуелсіз зерттеу компаниясы анықтады дейді агенттік. Ол компания тарапынан мәлімдеме әзірге түсе қойған жоқ. Ресми Ашхабад өзге елдерге газ бермес бұрын оның көлемін анықтап алмақшы.