Accessibility links

Президент бірқатар тағайындаулар жасады


Президент Н.Назарбаевтың жарлығымен ҚР-ның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылған Нұртай Әбіқаев мемлекет басшысының өкімімен Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Сондай-ақ Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Аманжол Жанқұлиев ҚР-ның Ватикандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болды. Ал Анатолий Смирнов басқа қызметке ауысуына байланысты ҚР-ның Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Президент Н.Назарбаевтың жарлығымен жүзеге асқан бұл тағайындаулар туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

XS
SM
MD
LG