Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанға екі мыңнан аса оралман отбасы көшіп келді


Оңтүстік Қазақстан облысына жыл бойына көшіп келген екі мыңнан аса оралман отбасы жылдық квотаның 70% құрайды. Бұл туралы хабарлаған Көші-қон комитетінің ОҚО департаментінің көші-қон саясатын жүзеге асыру бөлімінің бастығы Самат Алтынбековтің айтуынша, биыл алыс-жақын шетелдерден 3162 қазақ отбасын әкелуге квота бөлінген. «Бүгінге дейін 2210 отбасы келді. Келген адамдардың жалпы саны — 14385. Олар тиісті жәрдемақыларын алып орналасты», — деді С.Алтынбеков.
XS
SM
MD
LG