Accessibility links

Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді


Астанада ертең 30-дан аса елдің делегациялары қатысатын Азиядағы ынтымақтастық диалогы (АЫД) Сыртқы істер министрлерінің 7-кеңесі өтеді. Диалог шеңберінде Азия ынтымақтастығына қатысты маңызды мәселелер, нақтырақ айтқанда, энергетика мен азық-түлік қауіпсіздігі, көлік қатынастары, қаржы және ақпараттық технологиялардың дамуы мәселелері қарастырылмақ.
Азия ынтымақтастық диалогының идеясын 2000 жылы Таиланд Премьер-Министрі Т. Шинаватра Азия саяси партияларының 1-халықаралық конференциясында ұсынған. АЫД-ны құру мәселесі ресми түрде 2001 жылғы шілдеде Ханой қаласында қаралды. 2002 жылы шілденің 18-19 күндері Таиландтың Чаам қаласында АЫД-ның 1-мәжілісі өткен. Қазақстан АЫД-на 2003 жылдан бастап мүшелікке кірді.

XS
SM
MD
LG