Accessibility links

«Алматы –Бішкек» электр желісі уақытша үзіледі


2008 жылдың 22-қазанында «ЮКГРЭС – Шу» электр желісі пайдалануға беріледі. «КEGOC» Акционерлік қоғамы техникалық процесті толық аяқтау үшін 16-20-қазан аралығында «Алматы – Бішкек» жоғары кернеулі электр желісін уақытша үзуді жоспарлауда,— деп хабарлайды «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, аталған мерзімде электрмен қамтамасыз ету бір ғана желімен жүзеге асырылады. Сол себепті компания тұтынушыларды кешкі уақытта жарықты мейлінше үнемдеуге шақыра отырып, қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

XS
SM
MD
LG