Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда «Югхиммонтаж»-дың басшысы сотталды


Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Югхиммонтаж» акционерлік қоғамының басшысы Полихрон Петриди 8 жылға сотталып, мал-мүлкі тәркіленген. Ал аталған мекеменің бас бухгалтері Бақыткүл Ілиясова шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырылды. Отырар аудандық соты сотталушы «Югхиммонтаж» АҚ-ның бұрынғы президенті П. Петридиді ҚР қылмыстық кодексінің , 176-бабының 3-тармағы 6-пункті және 222-баптың 1-тармағы бойынша, ал Б.Ілиясованы 222-баптың 1-тармағы бойынша айыпты деп тауып, үш жыл бухгалтерлік жұмыспен айналысу құқынан айырды. Аталған мекеме басшысы мен бас бухгалтердің сотты болуына себеп— Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы Жамбыл атындағы мектептің құрылысын салу үшін жеңіп алған мемлекеттік тапсырысты орындамай, бөлінген қаржыны ысырап қылғандықтары. Сот үкімі заң күшіне енді.

XS
SM
MD
LG