Илхам Әлиев Әзірбайжан президенті болып қайта сайланды. Елдің орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сәрсенбі күні болған президент сайлауында Әлиев шамамен 89 пайыз дауыс жинаған. Елдегі 6 оппозициялық партия сайлау әділ өтпейді деп оған бойкот жариялаған болатын. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары бүгін кешірек Әзірбайжандағы сайлауға өз бағасын береді. Әзірбайжан мұнай мен газға бай мемлекет.