Accessibility links

Еуропа мен АҚШ басшылары кездеспек


Еуропа Одағы мен АҚШ жетекшілері осы аптаның соңында кездесіп, халықаралық қаржы жүйесін реформалау жөніндегі дүниежүзілік конференцияға қатысты жоспарды талқылайтын болады. Бұл хабар Брюссельдегі ЕуроОдақ жетекшілерінің екі күндік басқосуының аяғында жарияланды.

Еуропа Одағы, сондай-ақ, Ресеймен арадағы жаңа әріптестік келісіміне қатысты келіссөзді қайта бастау мәселесін кейінге қалдырды. Осыған байланысты шешім қараша айының 10-да өтетін ЕуроОдақ сыртқы істер министрлерінің кезекті жиынында жасалатын болады.
XS
SM
MD
LG