Accessibility links

Украинада кезектен тыс сайлаудың өтуіне Тимошенко қарсы


Украина премьер-министрі Юлия Тимошенконың мәлімдеуінше, Халықаралық валюта қоры Украинаның қаржы жүйесін тұрақтандыру үшін шамамен 14 миллиард доллар көлеміндегі қаржыны қарызға беруді қарастыруда, бірақ ол үшін Украина кезектен тыс парламент сайлауын өткізбеуі керек. Бұл туралы Тимошенко Халықаралық қаржы қорының өкілдері Киевке келген соң айтты.

Тимошенконың мәлімдемесіне байланысты бұл қордың баспасөз-хатшысы пікір айтудан бас тартты. Президент Виктор Ющенко кезектен тыс парламент сайлауын желтоқсан айына белгілеген болатын бірақ Тимошенко ондай сайлау өткізуге ақша жоқ дейді.
XS
SM
MD
LG