Accessibility links

Әлемнің жетекші биржаларында баға өсе бастады


Жұма күні таңертең Еуропа мен Азияның қор биржаларында бағалардың өсуі байқалды. Жапонияның Nikkei индексі 1.5 %-ға өссе, Еуропаның негізгі индекстері 4 %-ға көтерілді. Оның алдында Американың басты биржасында Доу-джонс индексі 4 %-дан жоғары көтерілген болатын. Бірақ мұнай бағасының құлдырауы жалғасып, қазір 1 баррельдің бағасы 67 долларға түсті. Соған байланысты мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы – ОПЕК-тің мәжілісі 24 қазан күні Венада, яғни белгіленген уақытынан 1 айдай бұрын өтетін болды.
XS
SM
MD
LG