Accessibility links

Ауғанстанда 17 бейбіт тұрғын қырылды


Ауғанстанның ауыл тұрғындары 17 бейбіт тұрғынның мәйіттерін оңтүстіктегі Гильменд облысы әкімінің кеңсесіне алып келіп, олардың НАТО күштерінің әуе соққысынан құрбан болғанын мәлімдеді. Қаза тапқандардың басым көпшілігі балалар.

Облыстың шенеунектері өткен бейсенбі күні ауған армиясының бөлімдері мен НАТО-ның әуе күштерінің Над Әли ауданында тәліптермен шайқасып, бірнеше тәліптің көзін жойғанын растады.
Алайда облыс әкімінің өкілі: - “бейбіт халық НАТО-ның әуе соққысынан қырылды ма әлде тәліптердің қолынан өлді ме, оны әлі анықтау керек”, -деп мәлімдеді.

НАТО-ның өкілдері қышлақ тұрғындарының айтқандары тергелетінін хабарлады.
XS
SM
MD
LG