Accessibility links

Ресми Таллин Астанамен ынтымақтасуға мүдделі


Эстония энергетика саласында Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға аса мүдделі. Сенбі күні Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесуі барысында Эстонияның сыртқы істер министрі Урмас Паэт осылай деп мәлімдеді.
Үкіметтің баспасөз-қызметі хабарлағандай, эстон министрі энергетика саласы мен Каспийден Балтық теңізіне дейін құбыр тартуға ресми Таллиннің мүдделі екенін айтты.
Тараптар сонымен қатар екіжақты ынтымақтастықтың деңгейін, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынасты кеңейтудің мүмкіндіктерін талқылады.
XS
SM
MD
LG