Accessibility links

Бағдадта АҚШ әскеріне қарсы шеру басталды


Сенбі күні Бағдадта шииттердің бітіспес діни көсемі Мұқтада Ас-Садрдың үзеңгілестері АҚШ армиясының Ирақта болуына қарсы наразылық шеруіне шықты. Жұма күні кешкісін жинала бастаған жұрт шеруді қаланың Садр-сити ауданынан бастады. Оған себеп – ереуілдің қарсаңында ресми Вашингтон мен Бағдад АҚШ армиясының Ирақта қалуының шарттары бойынша бастапқы келісімге келгені хабарланды.
Ресми өкілдер келісімнің мазмұнын жарияламай отыр. Бірақ Американың баспасөзі хабарлағандай, келісімнің жобасында АҚШ армиясының Ирақтан 2011 жылдың соңына қарай толық шығарылатыны және Ирақтың АҚШ жауынгерлерін қызметінен тыс уақытта істеген қылмыстары үшін ғана сот жазасына тарта алатыны айтылады.

AzattyqTV

Макронмен кездесу

Путин санкцияны айтты

XS
SM
MD
LG