Accessibility links

Украина шахтасында төтенше оқиға болды


Украинаның Донецкі өңіріндегі “Красноармейская-западная” шахтасынан қалың түтін шығуының салдарынан 852 кенші жер астынан шығарылды. Украинаның Төтенше жағдайлар бойынша министрлігі хабарлағандай, қаза болғандар мен жапа шеккендер жоқ. Шахтаның жұмысы әзірше тоқталды. Қазір түтіннің неден және қайдан шыққаны анықталуда.
Соңғы кезде украин шахталарында өрттер мен жарылыс апаттары жиілеп кетті.
Өткен жылы Засядько шахтасында болған ірі апаттан 107 кенші құрбан болған еді.
XS
SM
MD
LG