Accessibility links

Кенші өмірінің өтеуі - елу мың теңге болды


Сәтбаев қаласының кіреберіс қақпасы. Қазан, 2008 жыл.
Сәтбаев қаласының кіреберіс қақпасы. Қазан, 2008 жыл.

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласындағы 65-ші шахтада апаттан қаза болған кеншілердің отбасыларына ұжымдық келісімшартта жазылған ережелерге сәйкес көмек көрсетілетін болады.


Бұл туралы "Қазақмыс" корпорациясы басшылығы Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулинмен болған кездесуде мәлімдеді.

Алты кеншінің ажалына жеткен төтенше оқиға бойынша Облыс прокуратурасы қылмыстық іс қозғаған болатын. Прокурорлардың айтуынша, кен орнындағы апат лифттегі техникалық ақаудан және шахтада техникалық қауіпсіздіктің сақталмауынан орын алған.

Біріншіден жер астынан көтеріліп келе жатқан темір торлы лифтке ереже бойынша отырғызылуы тиіс 20 адамның орнына, 39 кенші мінген. Екіншіден лифт жер астынан 196 метр биіктікке көтерілген кезде қауіпсіздік дабылы қосылып кетіп, ол кілт тоқтаған. Осы сәтте қатты қысымға шыдамаған лифт есігі кенеттен ашылып кетеді.
Кеншілер кезекті ауысымды аяқтады. Қазан, 2008 жыл.


Тексерістер нәтижесінде шахтада техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталмайтындығы анықталды. Сонымен қатар техникалық қауіпсіздік ережесі бойынша темір торлы лифт есігі оның ішіне қарай ашылуы тиіс екен. Осы талап сақталмай, есік керісінше сыртына қарай ашылатын етіп, қалай болса солай жасалған.
-Осының салдарынан лифт кілт тоқтағанда ішіндегі адамдардың екпінімен торлы есік сыртқа қарай ашылып кетеді де, тар жерде бір-бірін кимелеген 6 кенші құзға құлаған,- дейді Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Жанғазы Нақышев.
Қарағанды облыстық прокуратурасының прокуроры Жанәділ Нақышев. Қазан, 2008


Қаза тапқан кеншілерді жерлеу рәсімі өткеннен кейін апаттың салдарларын зерттеу үшін құрылған үкіметтік комиссия да өз болжамдарын жария етті.
Жер астындағы кен орнына түсетін ұңғыда жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін шығып қалған темірге соғылған адам тасымалдаушы лифт шайқалып, ауытқулар басталған. Жалпы алғанда бұл да техниқалық қауіпсіздіктің сақталмағанының айқын дәлелі,- дейді ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өкілі Виктор Веснин.

Облыс басшылығы Сәтбаев қаласына арнайы барып, қаза болған кеншілердің отбасыларымен кездесті. Облыс әкімі Нұрлан Нығматулин олардың отбасыларына барлық көмектің көрсетілетінін және апат себептерін анықтау жұмыстары жан-жақты жүргізілетінін, анықталған заң бұзушылықтарға байланысты айыптылар жауапқа тартылатынын айтты.
Бұдан бұрын "Арселор Миттал Теміртау" акционерлік қоғамы "Қорғау" көмір департаменті кәсіподақ ұйымының жетекшісі Сергей Сивков апат кесірінен құрбан болған кеншілердің отбасыларына көмек ретінде 50 мың теңгеден қаржы бөлінеді деп айтқан болатын.

Орын алған апаттан 6 кенші қаза болса, түрлі жарақат алған 5 кенші Жезқазған қаласының дәрігерлік орталығына түскен. Қазір олардың 3-нің жағдайы жақсы делінуде.
XS
SM
MD
LG