Accessibility links

Британия қорғаныс министрі Ираққа барды


Британияның жаңа қорғаныс министрі Джон Хаттон Бағдадтағы бірінші сапарында Ирақ премьер-министрі Нури әл Маликимен кездесті.
Олар Ирақтың оңтүстігіндегі Басраға жақын жерде орналасқан британиялық 4 мың әскердің келешегі жайын талқылайтын болады.
Өткен аптада Нури әл Малики Ирақ Британия күштерін бұдан әрі қажет етпейді деп айтқан болатын.
Дегенмен де Британия АҚШ-пен Бағдад арасында жасалған екіжақты келісім сияқты өз әскерлерінің осы жылдың соңында мерзімі аяқталған соң да Ирақта қалуына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мандатының ұзартылуын қалайды.

XS
SM
MD
LG