Accessibility links

Колин Пауелл демократ Обамаға қолдау білдірді


Буш әкімшілігінде мемлекеттік хатшы міндетін атқарған Колин Пауелл демократ Барак Обаманың президент болып сайлануын қолдайтындығын айтты.
Телеарнадан берілген ток-шоуда Колин Пауелл Ирақ соғысын жақтайтын сенатор Джон Маккейнді емес, ол соғысты сынайтын Барак Обаманы қолдайтынын мәлімдеген.
Соңғы саулнама Обаманың 6 пайыз басымдықпен өз бәсекелесінен алда келе жатқанын көрсеткен.
АҚШ-тағы президенттік сайлауға дейін екі аптадан астам уақыт қалды.

XS
SM
MD
LG