Accessibility links

«Таза судың» айналасында дау көп


Оңтүстік Қазақстан облысында «Таза су» бағдарламасын жүзеге асыруда бірқатар заң бұзушылықтар орын алды, — деп хабарлады облыстық прокоратура. «Ордабасы ауданында су тарататын құрылғыларды орнатуға бөлінген тендерді заңсыз кәсіпкерлікпен айналысатын бір фирма жеңіп алған. Тіпті бұл ЖШС-нің құрылтайшысы өзінің құрылтайшы екенінен хабарсыз боп шықты. Нәтижесінде мемлекет 13 миллион теңге шығынға ұшырады»,— дейді облыстық прокоратура басқармасының прокуроры Батыр Ергешев.
Мақтарал ауданында да су жүргізушілер 45 жыл бұрынғы гидрологиялық сараптамаға жүгініп, жаңасын жасамаған. Бұл жерлердегі су ішуге жарамсыз деп табылды. Мұның шығыны 33 миллион теңге. Облыс әкімшілігінің мәліметінше, «Таза су» бағдарламасын жүзеге асыруға 2007 жылы бөлінген 1 млрд 619 млн теңгенің, 1 млрд 542 млн теңгесі игерілген. Облыста «Таза су» бағдарламасы бойынша құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жалғастыруда.

XS
SM
MD
LG