Accessibility links

Ирақта АҚШ күштеріне қатысты келісім жобасы талқыланды


Ирақтың саяси жетекшілері қауіпсіздік құжатына қатысты кеңесулер өткізді. Ұсынылып отырған бұл құжатқа сәйкес АҚШ күштерінің Ирақта тағы 3 жылға қала беруіне мұрсат етілмек. Премьер-министр Нури әл-Малики мен президент Жалал Талабани және елдегі саяси фракциялардың басшылары жексенбі күні Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі саяси кеңестің жиынына қатысты. Бірақ әлгі пактіге қолдау көрсетілгендігі жөнінде ешнәрсе жарияланбады.
Оның алдында шиттердің одағы АҚШ-пен арадағы бұл келісімнің жобасын өзгертуге шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG