Accessibility links

Түркияда 86 адам бірдей сотқа тартылуда


Түркия соты үкіметті құлатпақшы болды деп айыпталған 86 адамның ісін қарап жатыр. Оларға әскери төңкеріс арқылы елде саяси дағдарыс туғызып, биліктегі Әділет және даму партиясын құлату үшін қастандық әрекеттері мен шабуылдарды ұйымдастырмақшы болды деген айыптар тағылған.
Жасырын “Ергенекон” әсіре ұлтшыл тобының мүшесі болды деп айыпталып отырғандардың арасында зейнетке шыққан офицерлер мен зайырлы қоғам қайраткерлері бар. Стамбул маңындағы Силиври түрмесінде басталған сот бірнеше айға жалғаспақ.
XS
SM
MD
LG