Accessibility links

Жамбыл облысында тікұшақ апатқа ұшырады


Жамбыл облысында қалың тұманның кесірінен Қордайдан Балқашқа ұшып бара жатқан тікұшақ тау беткейімен соқтығысып қалып, соның салдарынан ұшқыш қаза тапты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Қордай ауданы, Көктөбе ауылынан 10 шақырымдай жердегі «Жанақ» шатқалында болған. Апатқа ұшыраған EUROCOPTER EC 130B4 UNE3007 тікұшағы Sky Service акционерлік қоғамына тиесілі екен, апат кезінде бортта ұшқыштан басқа қырғызстандық жолаушы болған, оған медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды. Ал қаза болған ұшқыш Ресей азаматы.

XS
SM
MD
LG