Accessibility links

Аудан әкімінің орынбасары екі жылға шартты жазаға кесілді


Ақтөбелік «Эврика» апталығының жазуынша, Мартөк ауданы әкімінің орынбасары Әкімгерей Есентеміров қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін айыпталып, екі жылға шартты үкім шығарылды.
Тергеу мәліметінше, Есентеміровтің ауданның Казанка және Вознесеновка ауылдарындағы мектептерге жөндеу жасаған құрылысшылардан 328 мың теңге талап еткені белгілі болды.
Есентеміровтің өз сөзіне қарағанда, аталған ақшаны ол өзіне емес құрылыстың прорабына алып бергісі келіпті, прораб оны бір шенеунікке бермекші болған. «Осылайша Есентеміров сыбайлас жемқорлықпен күрескісі келген, сөйтіп, қызмет бабын пайдаланып, 328 мың теңгені өзі алған. Сот оның сөзіне сенген болуы керек, тиісті 12 жылдық бас бостандығынан айыру жазасының орнына екі жыл шарты мерзімге үкім шығарылды», — деп жазады басылым.

XS
SM
MD
LG