Accessibility links

Алматыда түрік киносының күндері басталады


Ертең Алматыда «Түркиядан фильм бар» атты фильм апталығы басталады. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Түркияның Қазақстандағы елшілігінің мәдениет және ақпарат бөлімі хабарлады.

Алматылық көрермендер назарына қазіргі заманғы ең таңдаулы түрік фильмдерін ұсынуды жүзеге асырушылар СИНЕБИР (Кино Туындыларының Иесі мен Мамандық Бірлестіктері) мен Түркия Республикасы Мәдениет және Туризм Министрлігі, Сыртқы Істер Министрлігі, сонымен қатар ТИКА (Түрік іс бірлігі және даму бөлімі басшылығы) және ТҮРІКСОЙ (Түркі Мәдениеті және Санат Ортақ Басқармасы).

«Ұзақ», «Қарбыз қабығынан жасалған кеме», «Батыл жүректілер», «Жұмыртқа», «Ақ періште», «Әке мен бала», «Бақыт», «Интернационалды» сияқты таңдамалы туындылармен бірге қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматовты еске алу мақсатында жазушының «Сұңғақ бойлым — тағдырымның тартуы» туындысы көрсетіледі. Шараның ашылу салтанаты мен «Әке мен бала» фильмінің көрсетілімі Арман кинотеатрында басталса, қалған кинолар С.Демирел атындағы университеттің конференц-залында көрсетіледі.

Аталмыш фильмдерді алматылық көрермендер тегін тамашалай алады.

XS
SM
MD
LG