Accessibility links

Алматының әкімі үлескерлерге көрінген жоқ


Бүгін сағат 11.00-де Алматы қалалық әкімшілігінің алдында «Алматыинвестстрой», «Верный kz», «Қуат» құрылыс компанияларының 4-5 жылдан бері құрылысы басталмаған тұрғын үйлеріне жарна төлеп келген үлескерлері жиналып, қала әкімшілігінен өз мәселелерін шешіп беруді сұрап, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің тұрғындар алдына шығуын талап етуде.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, тұрғындар алдына Ахметжан Есімов емес, қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов шықты. Әкімнің орынбасары жиналған үлескерлерді тыныштандыруға тырысып, мәселені шешумен айналысып жатырмыз, жақсы құрылыс компанияларына тендер жариялау арқылы үлескерлер талабын қанағаттандыруды ойластырудамыз, — деді.
Серік Сейдумановтың айтуынша, аяқталмаған құрылыстарды тәмамдау үшін 9 ай мерзім керек. 2009 жылы тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуы тиіс. Бұл мәселені шешу үшін Президенттің тарапынан арнайы тапсырма берілген, сондай-ақ үкіметтен 10 млрд теңге ақша бөлініпті.

XS
SM
MD
LG