Accessibility links

Сауда дүкендерінің иелері наразылық білдіруде


Алматыдағы «Әсем» сауда үйінде орналасқан сауда дүкендерінің сатушылары басшылық тарапынан жалға алу құнының қымбаттауына байланысты наразылық білдіруде. Бұған дейін құзырлы орындарға шағымданған сатушылар, әрекеттерінен еш нәтиже шықпағанын айтады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, негізі бұл сатушылар сауда үйінің ғимараты жөнделіп, қалпына келтірілген кезде сауда орындары үшін 35 мыңнан 60 мыңға дейін АҚШ долларын төлеген, яғни осы орындардың иелері болып табылады. Енді ғимарат әкімшілігі бұлардан сауда нүктелері үшін жал ақысын төлеуді талап етуде.

«Кезінде банктерден несие алып, осы сауда орындары үшін ақша төледік, енді өзіміздің сатып алған орындарымызды жалдап алуға мәжбүрлеп отыр. Негізі біз тек қана салық төлеуіміз керек. Ал ғимарат әкмішілігінің жалға беру үшін қойып отырған бағасы өте қымбат, шаршы метріне 110 доллар ақша талап етуде, біз оны төлемейміз» ,— дейді сауда орындарының иелері.

Қазір ғимарат әкімшілігі мен күзет қызметкерлері сатушыларды жұмыстарына жібермей тұр, сауда дүкендерінің бәрі дерлік уақытша жабылған. Алматы қалалық әкімшілігінің өкілдері мәселені сауатты түрде шешу керек, бүгінгі пикет заңсыз өткізілуде,— дейді.

AzattyqTV

AzatNEWS 26.06.2017

AzatNEWS 26.06.2017

XS
SM
MD
LG