Accessibility links

Прагада "Еуропаға жол" бағдарламасы таныстырылды


Чехия астанасындағы Халықаралық қарым-қатынастар институтында Чехия республикасындағы Қазақстан елшілігі 2009-2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" деп аталатын қазақстандық бағдарламаның таныстырылымын өткізді.
Конференцияға Қазақстанмен түрлі экономикалық, сауда –саттық байланыстарын кеңейте түскен чехиялық кәсіпорындардың мамандары мен кәсіпкерлер, жоғарғы оқу орындарының профессорлары, министрліктердің өкілдері қатысты.

Негізгі баяндаманы жасаған Чехия республикасындағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Анарбек Қарашев " Еруопаға жол" бағдарламасының мақсаты мен мүддесіне, басты тарауларына жан-жақты тоқталды.
Карл Енглиш институтының профессоры Ярослав Юречка және басқа да конференция қонақтары ой-пікірлерін ортаға салып, Қазақстан жайлы өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

XS
SM
MD
LG