Accessibility links

Алматыда дін басшыларының отырысы болады


28-29 қазанда Алматыда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының VII отырысы болады. Отырысқа Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етеді, — деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.

Хатшылық жұмысына әлемдегі түрлі конфессиялар мен діни ұйымдардың өкілдері қатысады. Бұл отырыста Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері ІІІ съезінің тақырыбы мен күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды талқылау көзделіп отыр.

XS
SM
MD
LG