Accessibility links

Астанада кәсіпкердің отбасын өлтіріп кетті


Астанадағы Шұбар ықшамауданындағы бір үйден асқан жауыздықпен өлтірілген әйел мен үш баланың денесі табылды. Өлтірілген адамдардың жергілікті кәсіпкер азаматтың отбасы екені анықталды, ал үй иесі бұл кезде шетелде іссапарда болған, — деп хабарлады ҚР ІІМ-нің өкілі Бағдат Қожахметов.
Сондай-ақ аталған үйдің ауласынан «Тойота Камри - 40»маркалы машина, зергерлік бұйымдар мен 500 мың теңге ақша ұрланған.
Тергеу тобы үй иесінің компаниясында бұрын жұмыс істеген 28 жастағы астаналық азаматты күдікті деп танып отыр. Күдікті азамат Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының біріне немесе шекарадан өтіп Ресейге қашып кетуі мүмкін, — деді Б.Қожахметов.


XS
SM
MD
LG