Accessibility links

Түркия соты 86 адамға қатысты істі қарауда


Түркия үкіметін құлатпақшы болды деп айыпталған 86 адамға қатысты сот ісі одан әрі жалғасып жатыр. Сотқа тартылған адамдарға әскери төңкеріс арқылы елде саяси дағдарыс туғызып, биліктегі Әділет және даму партиясын құлату үшін қастандық әрекеттері мен шабуылдарды ұйымдастырмақшы болды деген айыптар тағылған.
Жасырын “Ергенекон” әсіре ұлтшыл тобының мүшесі болды деп айыпталып отырғандардың арасында зейнетке шыққан офицерлер мен зайырлы қоғам қайраткерлері бар. Стамбул маңындағы Силиври түрмесінде дүйсенбі күні басталған сот бірнеше айға жалғаспақ.
XS
SM
MD
LG