Accessibility links

Түркі тілдес елдер мәдениет министрлерінің мәжілісі басталады


Ертең Қырғызстанда түркі тілдес елдер мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Жылына екі рет ұйымдастырылатын отырыстың алғашқысы осы жылдың мамыр айында өткен еді.

«Бұл жолы ағымдағы мәселелер мен келесі жылға арналған іс-шаралар жоспары талқыланады. Сондай-ақ түркі тілдес халықтардың мәдениетіне сіңірген зор еңбегі үшін Шыңғыс Айтматовқа ТҮРКСОЙ-дың сыйлығын беру туралы шешімі жарияланады. Бұл шара әйгілі халық жазушысының көзі тірісінде жоспарланған болатын», — дейді Түркі мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйымның (ТҮРКСОЙ) бас директоры Дүйсен Қасейінов.



XS
SM
MD
LG