Accessibility links

«Тасжарған» тағы да сотқа тартылуда


Бұл жолы газет редакциясына қарсы екі шағым түскен. Алғашқы шағымның иесі — «Азат» азаматтық партиясының төрағасы Хасен Қожа-Ахмет. «Азат» партиясының басшысының «абыройыма, беделіме нұқсан келтірді» деп шағымдануына себеп болған «Тасжарғанның» бас оқырманы Ермұрат Бапидың «Азат» атауына байланысты осы жылдың 6-наурызында жазған мақаласы. Ал шағымның екіншісі Алматы облыстық ішкі істер департаментінен түскен.
«Алғашқы шағым ол түк те мес, тіпті айтып та қажеті жоқ. Хасен Қожа-Ахмет газет арқылы өзінің ұмытылып қалған есімін елдің есіне салғысы келіп жүрген адам, бұған қатысты айтарым осы ғана. Ал Алматы облыстық ішкі істер департаментінің шағымына келсек, сол департаменттен кезінде біздің редакцияға хат келген еді.

Ол хатты әкеліп тапсырған бір топ полицей «бізден ақша жинап жатыр, айлығымыз аз, басқа барар жеріміз болмаған соң, сіздерге келдік» деген, бірақ хаттың соңына жұмыстарынан айрылып қалмау үшін қол қоюдан бас тартқан еді. Сол хатты біз жариялағанбыз. Енді арада бірнеше ай уақыт өтіп кеткеннен кейін генерал Қасымовтың, әлде Мұхамеджановтың немесе Мәмидің нұсқауымен ІІД шағым түсірір отыр.

Ол шағым бойынша Алматы қалалық ауданаралық экономикалық соты іске кірісті. Бұл жердегі таңғаларлық жағдай, шаруашылықаралық мәселені, арбитражды қарайтын ауданаралық экономикалық соттың осы мәселеге араласуы, ІІД-нің өздерінің абыройын экономикалық сот арқылы қорғағысы келгені. Бұл мәселеде сұрақ көп. Ал Хасен Қожа-Ахметтің шағымына байланысты бүгін өткізілуге тиіс сот отырысы қазанның 31-не қалдырылды», — деді Ермұрат Бапи Азаттық тілшісіне.
XS
SM
MD
LG