Accessibility links

Ғарышқа тағы бір турист барып қайтты


Халықаралық ғарыш бекетіне барып қайтқан 17 экспедицияның ғарышкерлері отырған “Союз” ғарыш кемесі Арқалық қаласынан солтүстікке қараған бетте жерге қонды. Ұшуды басқару орталығының мәліметі бойынша, ғарыш кемесінің жерге оралуы мен қонуы ойдағыдай өтіп, ғарышкерлердің көңіл-күйлері жақсы.

Ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков пен Олег Кононенко жер маңайында жарты жылдан көп уақыт болды. Олармен бірге ғарышта 14 қазаннан бері болған америкалық миллионер Ричард Гэрриот жерге оралды.

Гэрриот – ғарышқа ұшқан 6-ншы турист, оның әкесі Оуэн Герриот та ғарышкер болыпты.
XS
SM
MD
LG