Accessibility links

ОПЕК мұнай өндірісін “ақылмен” қысқартады


Бүгін Венада мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы – ОПЕК-тің төтенше мәжілісі басталды. Оның барысында мұнай бағасының арзандауын тоқтату үшін шикізат өндірісінің көлемін азайтуға келіспекші.

Кувейттің мұнай өнеркәсібі министрі Мухаммад Абдулла Әл-Әлімнің журналистерге айтқан сөзіне қарағанда, “әлем экономикасына әсер етпеу үшін” ОПЕК картелінің мүшелері шикізат өндірісін “ақылмен” қысқартады.

Өткен шілде айында 1 баррелі 150 долларға дейін тақап қалған мұнайдың бағасы қазір 2 есеге дейін құлдырады.
XS
SM
MD
LG