Accessibility links

ОПЕК мұнай өндірісін тәулігіне 1.5 млн. баррелге азайтады


Мұнай экспорттаушы мемлекеттердің ұйымы – ОПЕК – тәулігіне өндірілетін шикізатты 1.5 млн. баррелге қысқартады. ОПЕК елдер өкілдерінің бүгін Венада болып өткен төтенше мәжілісінде картельдің мүшелері осындай шешімге келді. Оның басты мақсаты – әлемдік мұнай бағасының құлдырауын тоқтату.

Өткен шілде айында 1 баррелі 150 долларға дейін тақап қалған мұнайдың бағасы қазір 2 есеге дейін құлдырады.
XS
SM
MD
LG