Бүгін қысқа жұмыс сапарымен Астанаға Италияның премьер-министрі Сильвио Берлускони келуі тиіс. Оны Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Ильяс Омаров растады. И.Омаровтың түсіндіруінше, Сильвио Берлускони Азия мен Еуропа елдерінің 7-ші саммиті өтіп жатқан Бейжіңнен Италияға қайтқан жолында Астанаға тоқтайды.
Қысқа іс-сапарының барысында Италия премьер-министрі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, келіссөздің басты тақырыбы Каспий теңізіндегі Қашаған мұнай кенішін игеру мәселесі болатын сияқты.
Қашаған жобасын Италияның ENI компаниясы бастаған халықаралық консорциум игеру үстінде. Алайда алғашқы мұнай өндірудің мерзімі бірнеше рет кейінге ысырылып, қазақ үкіметі консорциуммен арадағы келісімшартты бұзатынын ескерткен болатын.