Accessibility links

Украина дағдарысқа қарсы қосымша шара қабылдады


Украина президенті Виктор Ющенко қаржы-экономика саласындағы дағдарысты ауыздықтаудың қосымша іс-шараларын қабылдау туралы жарлыққа қол қойды.
Өз жарлығында президент үкіметке ауылшаруашылық иелігіндегі жер телімдерін сатуға қойылған мораторийді жою, барлық тұтынушы үшін газдың бағасын көтеру, сондай-ақ экспорттаушыларға қосымша құн салығын қайтарып беруді жеңілдету жолдарын табу міндеттерін тапсырды.
Оның алдында В.Ющенко мемлекеттік аппаратты қысқарту мен тұрақтандыру қорын құру жән жекешелендіруді қайта жалғастырып, халықаралық несие алу туралы келіссөзді жүргізу туралы шешім қабылдаған болатын.
XS
SM
MD
LG