Сирия үкіметі Ирақпен арадағы шекараға жақын жерде жасалған АҚШ-тың әуе шабуылын айыптады. Сирия ресмилерінің айтуынша, әуеден соққы берілген кезде Сирия жерінде кемінде 8 қарапайым азамат өліп кеткен.
Жексенбі күні орын алған бұл шабуылды “агрессия” деп атаған Сирия Сыртқы істер министрлігі наразылық таныту үшін АҚШ пен Ирақ елшілерін шақыртып алды.
Бұл оқиғаға байланысты АҚШ ресмилері үн қатпады. Сирияның мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың 4 тікұшағы әлгі рейдке қатысып, Сирияның шығысындағы Абу Камал шекаралық аймағында орналасқан бір ғимаратты атқылаған.