Облыстық экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сайрам ауданы, Бадам ауылының әкімі Мұхтар Аязов екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Қызметтік дәрежесін пайдаланып, жер алып беремін деген уәдемен Сайрам ауданының тұрғынынан 1 мың доллар көлемінде пара алған әкімді осы жылдың 27-маусымында қаржы полициясының қызметкерлері ұстап алған.
Сайрам аудандық соты М.Аязовқа ҚР қылмыстық кодексінің 2-бөлім, 177-бабы бойынша үкім шығарды.