Accessibility links

Сеул Ирақтан бүкіл әскерін шығармақ


Оңтүстік Корея Ирақтағы күштерін желтоқсан айында шығармақ. 2004 жылы бұл мемлекет Ираққа 3,600 сарбазын жіберген болатын. Ирақтағы шетелдік әскерилердің саны жағынан Оңтүстік Корея АҚШ пен Британиядан кейін үшінші орында еді. Сөйтіп олардың саны бірте-бірте қысқартылып, ең аяғында бұл елде Оңтүстік Кореяның 650 сарбазы ғана қалған-ды.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қалған барлық әскерилер желтоқсанның 20-на дейін шығарылатын болады.
XS
SM
MD
LG