Accessibility links

Хорватия полиция күштерін реформалауда


Хорватия билік орындары ұйымдасқан қылмыспен күресу үшін жаңа шараларды қолға алып отыр. Таяуда бұл елде мафияға қатысты бірқатар зорлық-зомбылық әрекеттері тіркелген болатын. Жаңа Әділет министрі Иван Симоновичтің мәлімдеуінше, мафияға қатысты қылмыстық істермен айналысатын арнайы соттар құрылып, куәгерлердің қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған бағдарламалар мен қылмыскерлердің мүлкін тәркілеу қадамдары жасалмақ. Сонымен қатар, сәрсенбі күні Ішкі істер министрі Томислав Карамарко Хорватияның полиция күштерін реформалау жоспарлануда деп мәлімдеді. Өткен аптада бұл мемлекетте орын алған көлік жарылысынан тәуелсіз газеттің редакторы мен маркетинг директоры қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG