Accessibility links

Армения президенті Францияға бармақ


Таулы-Қарабах дауына қатысты келіссөздердің “өте маңызды кезеңі” басталды. Бұл туралы Армения сыртқы істер министрі Эдуард Налбандиян мәлімдеді. Алдағы жексенбі күні Әзірбайжан мен Армения басшылары Мәскеуде кездесіп, Таулы-Қарабах мәселесін талқыламақшы. Оларды Ресей президенті Дмитрий Медведев қабылдайтын болады. Налбандиянның айтуынша, Армения президенті Серж Саркисян Мәскеудегі кездесуден кейін Францияға барып, президент Николя Саркозимен де Қарабах жанжалын талқылайтын болады. Әзірбайжан территориясында орналасқан Таулы-Қарабах анклавы 1990-шы жылдардағы 6 жылдық қақтығыстан кейін этникалық армян күштерінің бақылауында қалып отыр.
XS
SM
MD
LG